Auto30
ЖаңалықтарТехнологияларТюнингШолуларПайдалыРетро

Пластик орнына күріш: Volkswagen қалдықтардан көлік шығаруды бастады

Seat компаниясы күріш қауызынан жасалған бөлшектері бар автомобильдерді шығаруды бастайтынын жариялады.

Пластик орнына күріш: Volkswagen қалдықтардан көлік шығаруды бастады

Seat компаниясы қайта өңделген күріш қауызынан жасалған жаңа экологиялық материал — оризитті қолданатын автомобильдер өндірісін бастағанын жариялады.

Оризит қосылғаннан кейін, Seat Arona моделінің екі қабатты тіректерінің өндірісі басталды. Бұл материалдың 15%-ын қосу арқылы бөлшектің салмағы 5,8%-ға азайды, бұл көліктің жалпы үнемділігіне оң әсерін тигізді.

Seat күріш қалдықтарынан жасалған бөлшектері бар автомобильдерді шығара бастады

"Қазіргі уақытта зауытта өндірілетін әр Seat Arona автомобилінде шамамен 60 грамм күріш қауызынан пайдаланылады. Нәтижесінде жыл сайын Испанияның шығысындағы биосфералық резерваттағы Эбро өзенінің дельтасында орналасқан күріш алқабының 5 тоннаға дейінгі қалдықтары өңделеді", — деп бөлісті Seat техникалық орталығының интерьерді дамыту бөлімі өкілі Жерар Суриоль.

Салмақты азайтудан басқа, оризит тиісті компоненттердің өндіріс құнын 2%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

 

Мәлімет үшін:

Оризит – автомобиль өнеркәсібінде қолданыла бастаған күріш қауызынан жасалған инновациялық экологиялық материал. Ол әдетте күйдірілетін немесе тасталатын күріш өндірісінің қалдықтарынан (қауыздан) жасалады. Мықты және жеңіл композитті материал шығару үшін полимерлермен араласады. Мұнай өнімдеріне тәуелділікті азайтатын пластиктің балама.

Автомобильдерде: интерьер элементтері (панельдер, подлокотниктер), батарея корпустары. Volkswagen оризитті ID. Buzz және ID.7 модельдерінде сынап жатыр – одан батарея ұстағыштары мен интерьер элементтері жасалады.


Сізді жаңалықтар да қызықтыруы мүмкін:

Volkswagen АҚШ тарифтері мен қайта құрылымдау шығындарына байланысты пайда болжамын төмендетті

Volkswagen АҚШ тарифтері мен әлсіз сұраныстың аясында қаржылық көрсеткіштердің нашарлауына тап болды.

Range Rover Electric 2025 жылы шықпайды. Таныстырылымы 2026 жылға ауыстырылды

Land Rover электромобильдерді шығаруын кейінге шегереді.

Volkswagen-ге тиесілі 10 танымал автокөлік брендтері

Volkswagen қол жетімді автокөліктерден бастап, Bugatti гиперкөліктерге және MAN жүк көліктеріне дейінгі ондаған брендтерді бақылайды. VW империясының құрамына кіретіндер міне.

BMW тобын 2025 жылдың екінші тоқсанында не құтқарды? Азғантай туыстар

2025 жылы негізгі бренд аз көлік сатты, ал шеткері брендтер, BMW M бөлімі, MINI және Rolls-Royce-тың сатылымы өсті.